Үндістанның «Индиго» әуе компаниясы 500 рейсті доғарды
Үндістанның «Индиго» әуе компаниясы бүгін 500 рейсті доғаратынын жариялады. Олардың бәрі мемлекет астанасы Нью-Делиден аттануы тиіс еді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл проблемаға елдің ең ірі авиакомпаниясының пилоттарға арналған жаңа кезекшілік кестесін жоспарлай алмауы себеп. Төрт күн бұрын басталған дағдарыс нарықтағы үлесі 60 пайыздан асқан «Индигоны» тығырыққа тіреп, мыңдаған жолаушыны қиын жағдайға душар етіп отыр. Дегенмен үміт жоқ емес. Компания қызметін ақпанның 10-на дейін толық қалпына келтіретінін мәлімдеді.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14