Павлодарда халықаралық ынтымақ бойынша бизнес-форум басталды
Павлодарда халықаралық және өңіраралық ынтымақтастық бойынша бизнес-форум басталды. Оған Германия, Ресей, Өзбекстан және түрікменстандық кәсіпкерлер қатысуда. Ертіс-Баян өңірі қазір инвестициялық тартымдылығы бойынша көш бастап тұр. Көмірдің 60%, электр энергиясының 44%, өндіріп отырған аймақ бүгінде индустриалды ғана емес, қуатты аграрлық облысқа айналып келеді. Мәселен, биыл майлы дақылдардың көлемі 43%-ға артты. Суармалы жердің 97%-на ылғал үнемдеу технологиялары енгізілді. Елде өндірілетін әрбір үшінші картоп пен сәбіз, сондай-ақ қарақұмықтың 60% – Павлодар облысының үлесінде. Биыл өңір диқандары ауыл шаруашылығына 124 млрд теңге инвестиция тартты. Бұл – ел бойынша салынған әр бесінші теңге. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шетелдік инвесторлар мүдделі.
Айдос Шайхыислам, Павлодар облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы:
Форумның мақсаты – бизнесті дамытып, кәсіпкерлер мен инвесторларға қаржыны тиімді салаға құюға мүмкіндік беру.
Халықаралық және өңіраралық байланысты нығайту. Форум екі кезеңге бөлінді. Біріншісінде өңірлік спикерлер сөз алып, біздегі мүмкіншіліктер жайлы ақпарат берді. Ал шетелдік спикерлер онлайн қосылым арқылы сұрақтарын қойып, кейбір мәселелерді талқыға салды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы