Президент үздік кәсіпкерлерді «Алтын сапа» және «Парызбен» марапаттады
Президент «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларына қатысқан кәсіпкерлердің бәріне алғыс айтып, лауреаттарды марапаттады.
Нақтырақ айтсақ, түрлі салада кәсібін домалатып, ел экономикасын дамытуға елеулі
үлес қосып отырған кәсіпкерлер мен компания басшылары марапат алды. Мемлекет
басшысы шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша мән беретінін және негізгі
мәселенің бәрі жеке бақылауында болатынын айтты. Сондай-ақ табысты бизнеспен
айналысуға қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Осы жердегі әр кәсіпкердің жетістігі ел мерейінің айқын көрінісі. Сіздер сапалы өнім өндіріп, экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Мемлекет сіздерге әрдайым қолдау көрсетуге дайын. Биылдан бастап 29 қазан – Қазақстан кәсіпкерлері күні болып ресми түрде бекітілді.
Мұрат Тоқпан, «Марал-Нұр» жолаушылар тасымалдау мекемесінің құрылтайшысы:
«Қызылорда» жолаушылар тасымалдаумен айналысамыз. «Алтын сапа» номинациясы бұйырды. Бұған өте қуаныштымын, елімізге, мемлекетімізге қосып жатқан үлесіміз деп білеміз.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14