«Ұлы дала» әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды
«Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды. Абайдың 180 жылдығына арналған сайысқа «Amanat» партиясы ұйытқы болды. Байқауда 120 шығарма сараланған. Биыл байқау алғаш рет өңірлік деңгейде өткізілді. Бүгінге дейін 100-ге жуық жас ақын-жазушы конкурс лауреаты атанып, танымал қаламгерлерге айналған. Мәжіліс Спикері. Партия төрағасы мемлекет тарапынан қаламгерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп келе жатқанын айтты. Мәселен, 2023 жылдан бері еліміздегі жас ақын-жазушыларға Президенттің арнаулы әдеби сыйлығы тағайындалады, сондай-ақ жыл сайын көптеген конкурстар мен шығармашылық іс-шаралар өткізіледі. Жуырда ауқымды сауалнама арқылы отандық әдебиеттегі үздік 100 кітап анықталды.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті
Мәжілісінің төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев руханиятқа ерекше көңіл бөлетінін жақсы білесіздер. Президентіміз халқымыздың озық ойлы, интеллектуалды ұлт болғанын қалайды. Бұл туралы Ұлттық құрылтайларда, басқа да жиындарда үнемі айтып та жүр. Ендігі жас толқынның міндеті – кешегі қазақ әдебиеті жеткен биіктен аласармау, жаңа көкжиекке ұмтылу. Ал біздің міндетіміз – осы жастарға қолдау көрсету, жолын ашу. Бүгінгі «Ұлы дала» байқауы – соның жарқын көрінісі, «AMANAT» партиясының қазақ руханиятына қосып жатқан бір үлесі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы