Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Біріккен Ұлттар Ұйымында әлемнің АҚШ бастаған 91 елі Ресейден украиналық балаларды қайтаруды талап ететін резолюцияны қолдады. Дауыс беру процедурасы Бас Ассамблеяда өтті.

Украинада 2022 жылы соғыс басталғалы халық саны 42 миллионнан 36 миллионға дейін азайып кеткен. Осы тұрғындардың 31 миллионы ғана ел әскерінің бақылауындағы жерлерде тұрып жатыр.

Гонконгтағы жөнделіп жатқан барлық үйдің сыртынан жасыл торлар алынып жатыр. Себебі жергілікті биліктің мәлімдеуінше, дәл осы материалдың кесірінен өткен аптада тұрғын үй кешенінде жеті мұнара жанып, 159 адам қаза тапты.

Жапонияның таулы аймақтарында қалың қар жауып, көлік қозғалысын тұралатып жатыр. Бір Миаги префектурасының өзінде таңертең 13 машина жолдан тайды. Және де пойыздар уақытша тоқтап, авиарейстер доғарылған.


Бөлісу