Алматыда болған жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ
Бүгін түсте Алматыда болған жер сілкінісінен ешкім зардап шеккен жоқ. Қираған нысандар да тіркелмеген. Мұны Дүмпуден кейін жағдайды тексерген қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Қуан Нұрақын, тілші:
Астана уақытымен 12:45-те тіркелген жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде, Қытай аумағында болған. Қалада 3 балл деңгейінде сезілді. Соған қарамастан, алматылықтардың басым бөлігі дүмпуді сездік дейді. Қайталану қаупінен қауіптенген тұрғындар бірден сыртқа шығып, 10–15 минуттан кейін қайта жұмыс орындарына оралды. Мамандар кейін хабар таратып, тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ, дүмпу қайталанбайды деді.
Ерік Әліпұлы, «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС директорының орынбасары:
Қалыптасқан жағдайды талдай келе 2025 жылғы 4 желтоқсанда сағат 15:00-дегі Алматы болжау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атап өтеміз. Алматы болжау полигонында аумағында MSK-64К сейсмикалық шкаласы бойынша қатты жер сілкіністері күтілмейді.
Қуан Нұрақын, тілші:
Айта кетейік, дүмпу кезінде барлық хабарландыру жүйесі қалыпты режимде жұмыс істеді. Тұрғындардың телефондарына ескерту хабарламалары жіберіліп, қала бойынша дабыл беру жүйесі қосылды. Қазіргі таңда барлық инфрақұрылым нысаны да штаттық режимде қызмет көрсетіп тұр.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14