Meta компаниясы жүздеген мың аккаунтты бұғаттауға кірісті
Американың Meta компаниясы Австралияда Instagram, Facebook, Threads тәрізді әлеуметтік платформаларда жүздеген мың аккаунтты бұғаттауға кірісті. Олар – жәсөспірімдерге тиесілі. Естеріңізге сала кетсек, бұл мемлекетте желтоқсанның 10-да 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салатын заң күшіне енеді. Сол ережеге TikTok, Snapchat, YouTube та бағынатынын мәлімдеді. Австралия үкіметі бұл заңды өскелең ұрпақты зиянды контенттерден қорғау үшін қабылдаған. Тыйымды ата-аналардың көбі қолдап отыр. Алайда кейбір сарапшылардың пікірінше, жаңа ереже жастарды қоғамдық үрдістерден бейхабар етіп, олардың өзгелермен араласуын шектеп, оқшаулануға алып келуі мүмкін.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14