Үкімет Жезқазғандағы су мәселесін шешуге 1,8 млрд бөлді
Ұлытау облысындағы ауыз судың сапасы нашар. Үкімет өзекті мәселені шешуге 1,8 млрд теңге бөлді. Қаражат Президенттің тапсырмасы аясында Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын жаңғыртуды аяқтауға бағытталған. Айта кету керек, қазір жұмыс істеп тұрған кешен 1966 жылы пайдалануға берілген, жабдық 90%-ға тозған. Сондықтан нысанда ұзындығы 4 шақырым инженерлік желілер тартылып, трансформаторлық қосалқы стансалар мен тарату құрылғылары салынды. Ауыз суға арналған 4 резервуар жаңғыртылмақ. Үкімет резервінен бөлінген қаражат нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, 2026 жылы жоспарлы пайдалануға мүмкіндік береді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14