Әлем жаңалықтарына шолу
АҚШ пен Ресей Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі бейбіт жоспар бойынша ортақ мәмілеге келе алмады. 5 сағатқа созылған келіссөздер президент Владимир Путин мен Құрама Штаттар лидері Дональд Трамптың арнайы елшісі Стив Уиткофф және күйеу баласы Джаред Кушнер арасында өтті.
Брюссельде НАТО елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтіп жатыр. Онда қорғаныс мәселелерімен бірге Украинаны қолдау проблемасы да талқыланады.
Малайзия Көлік министрлігі 11 жыл бұрын жоғалып кеткен «Боингты» іздеу операциясын желтоқсанның 30-да қайта жалғастыратынын жариялады. 2014 жылы Куала-Лумпурдан Бейжіңге аттанған 370-рейсте бас-аяғы 239 адам болған.
Оңтүстік Корея прокурорлары елдің бұрынғы президентінің әйелі Ким Гон Хиді 15 жылға соттауды сұрады. Бұған дейін Кимге пара алды және өзге де заңға қайшы әрекеттерге барды айып тағылған еді. Кимнің өзі мұны мойындамай отыр.
АҚШ-тың Мэн және Нью-Гэмпшир штаттарында жолдар мұз бен қалың
қар басты. Жалпы алғанда Құрама Штаттарда 50 миллионнан астам адамға боран соғатыны
ескертілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы