Қыстың кешігуіне не себеп?
Биыл қыс қандай болады? Соңғы күндері қойылып жүрген сауалдардың бірі. Өйткені Арқаның өзінде аяз бен қалың қар жоқ. Мұндай жылыну тек біздің елде емес, бүкіл әлемде байқалады. Ғалымдардың айтуынша, мұның бәріне климаттың өзгеруі себеп. Кейінгі 10 жылда температура жоғарылап, өткен жылы рекордтық деңгейге жеткен. Жаһандық жылынудың салдары қандай? Синоптиктердің осы қысқа қатысты болжамы қандай?
Темірлан Нұржанұлы, тілші:
Дәл осы видеоны әріптесім былтыр қараша айының басында түсірген. Бұл уақытта Астананы қалың қар жуып, көшелер көктайғақ болған еді. Ал бүгін желтоқсанның 3-і. Өздеріңіз көріп тұрғандай Астанада қар жоқ, жып-жылы.
Айдана Қыдырова, эколог:
Негізі жаһандық жылыну біздегі барлық экологиялық проблемадан туындайтын табиғи процесс. Мұздықтардың еруі және ауа райының өзгеруі. Біздің қазіргі қардың еріп немесе ертеңіне қарлы боранды дауылдар, сосын ертеңіне жаңбыр жауу деген сияқты өзгерістер осы ғаламдық жылынудан әсері болып жатыр.
Жаһандық жылынудың салдары
Ғалымдардың айтуынша, әлемдегі температураның жоғарылауы, бұрын-соңды болмаған апатты дауылдар, су тасқындары мен аптап ыстықтың жиілеп кетуі – жаһандық жылынудың тікелей салдары. Деректерге сүйенсек, кейінгі онжылдық – тарихтағы ең жылы кезең. Ал өткен жыл – ең ыстық жыл ретінде рекордтық көрсеткіш орнатқан.
Давиде Фаранда, Франция ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының климат физикасы жөніндегі зерттеу директоры:
Қазба отындарын жағу парниктік газдар шығарындыларын арттырады. Бұл мұхит пен атмосфераның жылытады. Жылыған мұхит қуатты әрі ұзаққа созылатын циклондардың қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды. Ал жылы атмосфера ылғалды көбірек ұстап тұрады. Сонда әр 1 градус Цельсий шамамен 7%-ға артады.
Адамзат кейінгі он жылда климаттың өзгеруімен белсенді күресіп келеді. 2024 жылы жаңартылатын энергия көздері әлемдегі электр өндірісінің 40%-ын қамтыған. Бірақ көмір тұтыну көрсеткіші де азаймай, былтыр рекордтық деңгейге жеткен. Мамандар климат өзгерісіне қарсы шаралардың жоспарланған нәтижеге жақындай қойған жоқ дейді. Сондықтан жаһандық жылынудың әсері әлі де күшті. Қазақстанға қыстың кеш келуі де соған байланысты.
Жұлдыз Исабекова, «Қазгидромет» РМК Ұзақ мерзімді ауа райы болжамдар басқармасының басшысы:
Күз мезгілінің созылғанын қазіргі синоптикалық жағдайға және де жаһандық жылынумен де байланыстыруға болады. Өйткені мына қарашаның соңына дейін ауа температурасы климаттық нормадан әлдеқайда жоғары болды. Мысалы, Қазақстан бойынша 2-6 градусқа нормадан жылы болды. Ол енді желтоқсан айына созылды.
Синоптиктердің болжамына сенсек, қаңтар айында елдің басым бөлігінде ауа температурасы жылдағыдай болады. Ал ақпанда күн былтырғыдан жылы болуы мүмкін.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16