Тараздағы айналма көпірдің жабындылары жарылып жатыр
Таразда 25 жыл бойы құрылысы жүрген айналма көпірдің жабындылары 10 жылға жетпей жарылып жатыр. Тұрғындар алты жолақты аспалы көпірдің бетондары жылда жамалатынынан жалыққан.
Бұл жолы да айналма жолдың дәл ортасы екі жерден жарылған. Салдарынан жүргізушілер көлік жүрісіне жұмсақтық беретін бөлшектері бұзылып жатқанына ашулы. Сондай-ақ алып көпірдің астыңғы іргетасында да жарықтар пайда болған. 8 жыл бұрын пайдалануға берілген нысанға сол тұста 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген еді. Бұқара құрылысы онсыз да ширек ғасырға созылып, әрең біткенде жылда жарыла беретіні көлік қозғалысына кедергі екенін айтады.
Енді көлікке де емес, малға да обал, мынандай көпірмен жүруге болмайды. Жыл сайын істейді, сапа жоқ.
Ұзындығы 320 метрге жететін биік өткел шаһар шетіндегі бірнеше ауданды жалғап жатыр. Қала әкімдігі айналма көпірді апатты деп айтуға әлі ерте деп отыр. Ал көпірді салған серіктестіктің 3 жылдық кепілдік мерзімі өтіп кеткен. Соған қарамастан жарылған тұстарын жөндеуге демеуші болды дейді.
Дамир Айманов, қала әкімдігі ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:
Ол жерде алаңдататындай жағдай жоқ. Қалпына келтіруден кейін осындай 2-3 жыл сайын ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Келесі 2026 жылы зерделеу жұмыстарын тағы да жүргіземіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы