Электронды сауда көлемі ₸3,2 триллионға жетті
2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда электрондық сауда көлемі шамамен 3,2 трлн теңгеге жетіп, бөлшек сауданың 14,1%-ын құрады. Жыл соңына дейін 15 пайызға дейін жетеді деген болжам бар. Бұл көрсеткіш соңғы төрт жылда 5 есе артқан. Мұндай нәтижеге жетуге цифрлық қолжетімділік, финтех саланың дамуы, 8 миллионнан астам жас әрі белсенді қолданушылардың болуы мүмкіндік беріп отыр. Айта кету керек, электрондық коммерция – бүгінде бүкіл әлемде ең қарқынды дамып жатқан салалардың бірі. Былтыр оның жаһандық нарықтағы көлемі 6,3 трлн АҚШ долларына бағаланған. Сондықтан Қазақстан Үкіметі алдағы жылдары электрондық сауданың бөлшек саудадағы үлесін тағы 4 пайызға ұлғайтуды көздеп отыр.
Айгүл Оразаева, Сауда және интеграция министрлігі Ішкі сауда басқармасының
басшысы:
Әрине бізде мүмкіндік бар. Алға қойған міндеттеріміз бар. Министрліктің алдында 2029 жылға дейін электронды сауда үлесін 18,5 пайызға жеткізу тұр. Ол бағытта біз әр салада бірқатар жұмыстарды атқарып жатырмыз. Сол себепті біз мұны 18,5 пайызға жеткіземіз деген үміттеміз.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену – өсетін елдің белгісі
09.09.2026, 18:44
Атырауда «Lotus clean day» шарасы өтті
09.09.2026, 17:38
Сыр бойындағы көне шаһарлардың «Алтын ордамен» байланысы зерттелуде
09.09.2026, 17:37
Зайсан көлінің жағасына балық зауытын сала бастады
09.09.2026, 17:35
Атырауда мал азығын дайындау науқаны аяқталып қалды
09.09.2026, 17:33
13,5 млн тонна астық жиналды
09.09.2026, 17:30
Жамбыл облысында бейімдеу бағдарламасы іске қосылды
09.09.2026, 17:25
СҚО-да жылжымалы дәріхана жұмыс істей бастады
09.09.2026, 17:22