Жылыбұлақ ауылының оқушылары 4 бөлмелі үйде оқып жүр
Жамбыл облысы, Жуалы ауданында мектепке жарымаған оқушылар біреудің тозған үйінде білім алуға мәжбүр. Жылыбұлақ ауылының ағарту ошағына айналған ескі баспана 2 дәліз, 4 бөлмеден тұрады. Онда отыз оқушы оқып, 15 қызметкер отырады. Оқушылардың осылай амалдап оқып жатқандарына 21 жыл.
Бұл білім ұясы бір қарағанда елді мекендегі ескі ветеринариялық пунктке ұқсайды. Сондықтан сауат ашып, сабаққа баратын орын деуге сену қиын. Тозған нысан 2004-ші жылға дейін біреудің баспанасы болған. Ал соңғы 21 жыл ішінде мұнда бастауыш сыныптар оқиды. Жоғары сыныптар күн сайын көрші ауылға асығады. 7 шақырым жердегі мектепке жаяу жететіндері де бар.
Мақпал Телқожаева, Жылыбұлақ ауылының тұрғыны:
Көп ата-аналар алып кетіп қалады мына жерде, мүмкіндік жоқ болғаннан кейін, бұл жерде оқытқысы келмейді! Үйтіп алып кететін мүмкіндік болмаған соң, ауылда тұрған соң, осы жерде оқытамыз. Амал жоқ! Балаларға обал ғой. Бөлмелер тар мысалы. Анау жерде от жанады, еще жанында оқып отырады ол.Серікбай Саятбаев, Жылыбұлақ ауылының тұрғыны:
Мектептің күйі нашар, құлайын деп тұр. Бізге бір жаңа мектеп болса, жоғарыға айтып жатырмыз. Ауданға айтып жатырмыз. Салып береміз деп өтірік алдап кетеді.Ескі мектеп 70 жыл бұрын салынғандықтан шатыры шұрық тесік. Суы сорғалап, жарығы жиі өшеді. Ал аудан атқамінерлері ауылға мектеп тұрғызуды тиімсіз деп тапқан. Мұнда 50 үй болғандықтан келер жылы 50 балаға арналған жаңа білім ұясы бой көтереді деді.
Бақыт Шертаева, Жуалы аудандық білім бөлімінің басшысы:
Асханасы бар, спорт залы бар, барлық жағдайы жасалған. Түгел заманауи мектеп болады деп жоспарлануда. Жоғары сыныптар, 5 пен 11 жанындағы Қошмамбетов мектебіне тасымалдау жүргізілетін болады.
Салынатын мектептің сметасы дайын. Құрылысына 1 млрд теңге кетпек. Айта кетейік, аймақта 6 «Келешек мектебі» бар. Тағы біреуі жыл аяғында ашылады. Ал келер жылы тозығы жеткен 26 мектепте жаңғырту жұмысы жүргізілмек.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдады
28.11.2025, 20:41
ДСМ: Елде шектеу шаралары енгізілмейді
28.11.2025, 20:40
Мемлекет басшысы әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен кездесті
28.11.2025, 20:39
Енді жедел жәрдем орнына алғашқы медициналық көмек мамандары келуі мүмкін
28.11.2025, 20:37
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде қалдырды
28.11.2025, 20:36
Мемлекет басшысы Швейцария вице-президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді
28.11.2025, 20:35
Әкімдер Ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерді талқылады
28.11.2025, 20:32
Ташкентте инвесторлар форумында отандық жобалар таныстырылды
28.11.2025, 20:30