Батырхан Шүкеновке берілген медаль анасына тапсырылады. Эстрада жұлдызы «Кеңес Одағы әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 10 жылдығына орай» марапатталған болатын. Алайда, сол уақытта елден жырақта жүргендіктен, мемлекеттік награда қолына тимей Алматыдағы «Қазақконцерт» ұйымына өткен. Дәл сондай медаль белгілі композитор Байғали Серкебаев пен музыкант Наджиб Вильдановқа да тағайындалған. Өнерпаздар Ауған соғысына барып, сарбаздардың көңілін әнмен демеп, рухтандырған. Соның құрметіне берілген төсбелгілерді бүгін Орталық мемлекеттік архивінің директоры Арнұр Қарымсақов Астана «Қазақконцертінің» басшысына табыстады.
Жеңіс Сейдуллаұлы, «Қазақконцерт» МКҰ директоры:
- Бұл дүниеден кеткен тек Батырхан Шүкенов. Жатқан жері жайлы болсын. Бірақ, оның медалін анасына 15 ақпанда Ауған соғысының аяқталуына байланысты 30 жылдық үлкен мерекеде тапсырмақшымыз. Қалған 2 медальді музыканттар Қазақстанға келген кезде өздерінің кеудесіне тақпақшымыз. Бұл медаль Ауған соғысы ардагерлері одағының музыканттар алдындағы бас июі десек те болады.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.