Басты Жаңалықтар Майқайың апатына кінәлі 6 адамға үкім шықты

Майқайың апатына кінәлі 6 адамға үкім шықты

Майқайыңдағы апатқа кінәлі деп танылған алты адамға сот үкім шығарды.

Кәсіпорынның бұрынғы директоры Қуаныш Ботин 4 жылға сотталды. Ал оның орынбасары Қанат Башаров пен бас инженер Андрей Шувалов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ кәсіпорын инженерлерінің бірі Иван Терешковтың үш жылға бас бостандығы шектелді. Тағы екі инженер Дінмұхаммед Қайыпханұлы мен Берік Назаров үш жылға сотталды. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 4 қаңтарында «Майқайыңалтын» аумағындағы жерасты кеніші опырылып, бұны жарылыс болған екен, деп жедел шыққан үш құтқарушы мен жүргізуші отырған көлік сол шұңқырға түсіп кеткен еді. Екі құтқарушының денесі келесі күні шығарылды. Ал соңғы екеуінің мәйіті іздеу жұмыстарының қаупіне байланысты алты айға жуық созылып, әрең табылған еді.


Бөлісу