АЭС-ке қажет отын Өскеменде өндіріледі
Қазақстанда салынатын атом электр стансасына қажет ядролық отынды даярлауға Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытының қауқары толық жетеді. Франция технологиясымен жұмыс істейтін кәсіпорын жыл сайын Қытайға 200 тоннадан астам уран түйіршіктерін жібереді. Былтырдан бастап зауыт желілерді жетілдіріп соңғы технологиямен жұмыс істейтін қондырғылар орнатылды. Нәтижесінде уран тотығы ұнтақ түрінде алынып жатыр. Байытылған уран диоксидінің тотығынан түрлі көлемдегі таблеткалар жасалады. Қазір зауыт франциялық «AFA 3G» технологиясы бойынша жұмыс істейді. Жалпы әлемдегі уранның 40 пайызы Қазақстанда өндіріледі. Ал табиғи қоры жағынан Австралиядан кейін екінші орында.
Манарбек Қылышханов, «ҮМЗ» ғылыми орталығының жетекшісі:
Уранның көлемі, мөлшері, сосын адамдардың құзыреттілігі, мамандардың жағынан айтатын болсақ, онда мүмкіндік толығымен бар. Егер тура осы дизайндағы реакторлар салынатын болса, онда мына жерде цехтік көлемін ұлғайтып, өнімділігін арттыру керек болады.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10