«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» трансформацияланады
Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу
агенттігінің 2026–2028 жылдарға арналған бірлескен бағдарламасы аясында
«Бәйтерек» холдингі нақты секторға кредит беруді ұлғайтады. Қазіргі таңда
бизнеске 5,7 трлн теңге қолдау көрсетіліп, 29 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
Бүгін Премьер-министр «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» директорлар
кеңесінің отырысын өткізіп, холдингті трансформациялау мәселелерін қарады. Бұл
бастама бірауыздан мақұлданды. Отырыс барысында 2026 жылға арналған жұмыс
жоспары бекітіліп, инвестициялық саясатты жаңарту, корпоративтік басқаруды
жетілдіру және бизнесті қолдау құралдарының тиімділігін арттыру бағыттары
нақтыланды. Холдинг инфрақұрылымдық, экспорттық және индустриялық жобаларды қолдау
бойынша қосымша функцияларға ие болады. Премьер-министр трансформация
нәтижесінде холдинг экономиканың басым секторларына қаржы мен технология
әкелетін инвесторларды тартудың тиімді тетігіне айналуы тиіс екенін атап өтті.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14