Мәскеуде «Қазақ Хандығы: Алмас қылыш» кинофильмінің арнайы көрсетілімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде «Қазақ Хандығы: Алмас қылыш» кинофильмінің арнайы көрсетілімі өтті

21.01.2019

Мәскеу қаласында кинорежиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ Хандығы: Алмас қылыш» деп аталатын кинофильмінің арнайы көрсетілімі өтті. Третьяков галереясында ұйымдастырылған шараға Рүстем Әбдірашевтің өзі мен туындының продюсері Арман Әсенов те қатысты. Фильмді Ресей астанасында оқып жатқан қазақстандық студенттер, Қазақ диаспорасының өкілдері және қарапайым Мәскеу тұрғындары тамашалады.

Қазақ хандығының құрылу тарихын баяндайтын бұл көркем туынды шет мемлекеттердің ішінде Ресейде алғаш болып көрермен назарына ұсынылып отыр. Бұл фильм «қазақтың тарихы қандай, қазақта мемлекеттілік болды ма, жоқ па?» деген сұрақтарға тарихи деректердің негізінде жауап береді. Сондықтан, Рүстем Әбдірашевтің пікірінше, кинолентаны Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де көрсетудің маңызы зор. Қазірдің өзінде, бұл фильмнің сериалдық нұсқасын сатып алуға көптеген елдер ниет білдіріп отыр.

Рүстем Әбдірашев, кинорежиссер:

- Бұл осы үлкен сериалдың бірінші маусымы, соның негізінде жасалған кинофильм. Жақын арада екінші маусымын да түсіріп біттік. Соның негізінде екінші фильм «Қазақ Хандығы. Алтын тақ» фильмі бітті. Жуық арада тұсаукесері болып, халыққа жол тартады. Наурызға таман екінші маусымның да сериалдық нұсқасы дүниеге келмек.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу