Мәскеуде «Елбасы жолы. Астана» фильмінің көрсетілімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде «Елбасы жолы. Астана» фильмінің көрсетілімі өтті

25.02.2019

Мәскеу қаласындағы Орталық кино үйінде «Елбасы жолы. Астана» фильмінің Ресейдегі тұңғыш көрсетілімі өтті. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі ұйымдастырған кешке шетелдік дипломаттар, қоғам және мәдениет қайраткерлері, жергілікті қазақтар мен қарапайым Мәскеу халқы қатысты. Режиссер Ақан Сатаевтың бұл фильмі 1994-1998 жылдар аралығындағы елорданың қалыптасу тарихын суреттейді.

Көркем туындыда еліміздің енді тәуелсіздік алып, экономикалық дағдарыспен бетпе-бет келген кезеңі және осы қиыншылықтарға қарамастан, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Алматыдан Астанаға көшіруі, тарихи фактілер бойынша барынша шынайы көрсетілген. Көрермен 1,5 сағаттық кинолента арқылы Мемлекет басшысының өмірде жүзеге асқан батыл идеясымен толық танысады.

Юрий Колосов, Ресей кинематографистер одағы халықаралық бөлімінің бастығы:

- Қазақстан - біз үшін көрші мемлекет қана емес, бауырлас ел. Қазақстан біздің елдеріміздің әлемдегі позициясының нығаюына ерекше үлес қосты. Ал, бұл жолда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі орасан зор. Сондықтан Мәскеуде «Елбасы жолы» циклы бойынша осымен 6-шы фильм көрсетіліп жатыр. Біз үшін Астананың өткен тарихы, қазіргі жетістігі, оның мәдениті мен тұрмыс-тіршілігі ерекше қызық.

 Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу