Мәскеуде қазақ дизайнерлерінің көрсетілімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде қазақ дизайнерлерінің көрсетілімі өтті

12.03.2018

Мәскеу қаласында Mercedes-Benz Fashion Week Russia атты сән апталығы өтуде. 100-ге тарта ресейлік және шетелдік дизайнерлер қатысып жатқан шараның алғашқы күнінде қазақстандық мамандар да өз қолдарынан шыққан киім үлгілерін көпшіліке таныстырды. Олар: Динара Сәтжан, Наиль Байкүшіков, Yegana Sadyxova, DI SIITOVA сынды отандық дизайнерлер. Қазақ шеберлерінің қолынан шыққан сәнді киімдер көпшіліктің көңілінен шығып, жоғары бағаға ие болды. Мәселен, Динара Сәтжанның жаңа топтамасы «Байқоңыр» ғарыш айлағына арналса, Наиль Байкүшіков салтанатты шараларға арналған көйлектерді көрсетті. Mercedes-Benz Fashion Week Russia - Шығыс Еуропа аумағындағы ең ірі fashion индустрия шараларының бірі. Сән апталығы жаңа киім үлгілерін көпшілікке көрсетіп, өзара тәжірибе алмасуға таптырмайтын алаң саналады.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу