Ұлттық банк алаяқтардан сақ болуға шақырды
Ұлттық банк қазақстандықтарға үндеу жасады. Қазір азаматтарға SMS арқылы шотына ақша аударылғаны туралы жалған хабарлама келіп жатыр. Кейін алаяқтар қоңырау шалып, қаржыны қайтаруды сұрайды. Банк мұндай жағдайда бірден полицияға хабарласуға кеңес береді. Кей жағдайда шотыңызға шынымен ақша аударылуы мүмкін. Бұл схемада да алаяқтар қоңырау шалып, қаржыны қайтаруды сұрайды. Бірақ басқа шот нөмірін жібереді. Айтқанын орындасаңыз заңсыз ақша шығару схемасының қатысушысына айналуыңыз мүмкін. Бұл жағдайда да құзырлы органдарға хабарласқан жөн.
Гүлфар Артықбаева, ҚҰБ қауіпсіздік департаментінің жетекші маманы:
Өзгеден келген ақшаны қайтару амалын нақтылау үшін дереу банкке хабарласқан дұрыс. Қажет болса тиісті өтінішті тапсыру үшін банктің ең жақын бөлімшесіне бару керек. Еске сала кетейік ұлттық банк қызметкерлері аудио және видео қоңырау шалмайды. Жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді. Халықпен де ақшалай есеп айырыспайды. Егер алаяқтық әрекетке тап болсаңыз ҚР құқық қорғау органдарына арыз түсіруге кеңес береміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
17.04.2026, 11:49
Астаналық тұрғын медицинадағы қағазбастылықты азайтудың тың жолын ұсынды
17.04.2026, 11:41
Қазақстан халықты жұмыспен қамту деңгейі бойынша топ-30 елдің қатарына енді
17.04.2026, 11:39
ПД: Интернет алаяқтық 1,5 пайызға төмендеді
17.04.2026, 11:36
Жетісу облысында тұрғындарды көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
17.04.2026, 11:34
Австралияның ең ірі мұнай зауытында өрт тұтанды
17.04.2026, 11:33
Израиль мен Ливан атысты 10 күнге тоқтатты
17.04.2026, 11:31
Петропавл қаласында жағымсыз иіс тарап, ауа сапасы күрт нашарлады
17.04.2026, 11:29