Шымкентте газдан уланудың алдын алу жұмыстары күшейтілді
Шымкентте тұрғын үйлерде өрт және газ қауіпсіздігін тексеру жұмыстары күшейтілді. Мамандар бір ай бойы үйлерді аралап, жылу жүйелері мен газ жабдықтарындағы ақауларды анықтап жатыр. Газ-техникалық инспекциясы мамандары құтқарушылармен бірге газ құбырларын, желдету жүйесін, пештер мен мұржалардың жағдайын мұқият тексеріп жүр. Кездескен ақаулардың басым бөлігі - тозығы жеткен құбырлар мен жуыну бөлмесіне орнатылған газ пештері. Мамандар тұрғындарға ескерту беріп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Нұрболат Педен, Шымкент қаласы ТЖД басқарма бастығы:
Газбен жылытатын қазандықтарды, қатты отынмен жанатын пештерді пайдаланған кезде қауіпсіздік талаптарын сақтауды, электр құралдарын бақылаусыз қалдырмауды, әсіресе қуаттау құрылғыларын қойып түнде ұйықтап қалмауды, қауіпсіздік талаптары қиын емес, қарапайым ережелерді сақтауды сұраймыз.
Алғабастағы өрттен аман қалған бала Шымкентке жеткізілді
Айта кетейік, Түркістан облысының Алғабас ауылында болған өрттен аман қалған үшінші адам Шымкентке жеткізілді. 2018 жылы туған жасөспірімнің денесінің 11 пайызын күйік шалған. Аудандағы ауруханада емдеу әрі қарай нәтиже бермейтін болғандықтан мамандар оны тікұшақпен қалаға жеткізді. Науқас енді арнайы орталықта ем алады. Бұған дейін санавиация өрттен зардап шеккен 2 адамды осы орталыққа жеткізген. Еске салайын, 18 қараша күні Алғабаста екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапты. Оның 9-ы бала. Тағы үшеуі ауруханаға түскен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы