«Богатырь көмір» компаниясындағы ұрлық: Күдіктілер іштен шыққан
Екібастұздағы «Богатырь көмір» компаниясында 123 млн теңгенің ұрлығы әшкереленді. Ұрылар іштен шыққан. 3 күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдарын Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізіп жатыр. Мәліметке қарағанда ірі кәсіпорын ішіндегі коммерциялық компания басшылары жаңа қосалқы бөлшектерді сатып аламыз деп жалған құжат дайындаған. Ал оны қабылданды деп тіркеу үшін жабдықтау бөлімінің қызметкерін тартқан. Осылайша екі жыл қатарынан жұмыс істеген. Қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, өзара бөліскен. Тінту барысында күдіктілерден 27 млн теңге қолма-қол ақша тәркіленді. Сот шешімімен үш күдікті қамауға алынып, қымбат 6 автокөлік бұғатталды.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14