Басты Жаңалықтар Анкарада «Түркі әлемінің аналары» жиыны өтті

Анкарада «Түркі әлемінің аналары» жиыны өтті

Түркітілдес елдердің белсенді әйелдері «Түркі әлемінің аналары» атты ортақ ұйым құру туралы бастама көтерді. Анкарадағы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының штаб-пәтерінде өткен «Түркі әлемінің аналары: дәстүр және қазіргі заман» атты конференцияда бауырлас халықтардағы ана ролінің маңызы айшықталды. Жиында отбасы институтын нығайту және мәдени, ғылыми бағыттарда ынтымақты арттыру жайы да талқыланды. Бауырлас халықтардың өзара байланысын арттыру үшін ортақ құндылықтарымызды насихаттап, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі де пысықталды. «Түркі әлемінің аналары» атты сурет көрмесі де, ұйымдастырылды.

Назипа Шанаи, ҚХА Республикалық Аналар Кеңесінің Төрағасы:

Түркітілдес елдердің жастарын ауызбіршілікке, бірлікке тәрбиелеу қажеттігін дұрыс деп санаймыз. Сондықтан ТҮРКСОЙ шаңырағының астында осы ұсынысымызды көтердік. Қолдау тауып жатқан жағдайда ҚХА Аналар кеңесінің жинақтаған тәжірибесі негізінде Түркі әлемінің аналары атты халықаралық ұйымды құру мәселесі қолға алынды.

Леман Йенигүн, Түркияның Отбасы және әлеуметтік қызмет көрсету министрінің орынбасары:

Түркі дүниетанымында ана – қоғамды біріктіретін, ортақ құндылықтарды сақтайтын, жас ұрпақты тәрбиелейтін өте маңызды тұлға. Әйелдердің, аналардың мықты болуы отбасының мықты болуына, ол өз кезегінде қоғамның мықты болуына алып келеді. Сондықтан бауырлас елдер осы бағытта бірлесе жұмыс істегеніміз нұр үстіне нұр болар еді.  
 


Бөлісу