Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі

08.01.2019

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сахна саңлағы Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілетін болды. Бұл - қазақ театры мен кино өнеріндегі мұндай ауқымдағы тұңғыш оқиға. Рухани шара Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында жүзеге асырылады.

Бүгін республикалық көлемдегі мемлекеттік театрлардың басшылары өткен жылы атқарған жұмыстарына есеп беріп, алдағы мақсат-міндеттерімен бөлісті. Жалпы, өнер ошақтарының былтыр қол жеткізген жетістіктері аз емес. Отандық мәдениеттің қазіргі заманғы бейнесін әлемдік аренаға бірқатар қойылымдар арқылы шығуына театр ұжымдары ықпал етіп жатыр.   

Азамат Сатыбалды, балалар мен жасөспірімдер театры директорының міндетін атқарушы:

Әмина апамыздың  ЮНЕСКО көлемінде өтетін жобасы үлкен жетістік деп білемін. 2019 жылы табысты, сапалы өтеді деп ойлаймын.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу