Павлодар облысында кәнігі ұрылар ұсталды
Павлодар облысында екі жыл қатарынан мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олардың бәрі Май ауданының тұрғындары. Күдіктілер алысқа бармай-ақ өздері тұратын ауылдың адамдарын қан қақсатқан. Сауып отырған сиыры мен бірді-екілі жылқысынан айырылғандардың арасында мүгедек адамдар, тіпті жасы 85-гі кейуана бар. Ұрыларды ұстау үшін облыстық Полиция департаменті арнайы операция жоспарлап, жедел әрекет жасауға арналған арнайы жасақ апарды. Тоғыз адам ұсталды.
Қанат Қайыргелдинов, қылмыстық Полиция басқармасының бөлім бастығы:
Олардың үшеуі қамауға алынды. Алдын ала дерекке сәйкес, күдіктілер 2024-2025 жылдар аралығында алдын-ала сөз байласып, Май ауданында еркін жайылымда жүрген 29 бас ірі қара мал және 7 бас жылқыны ұрлағаны анықталды. Кейін оларды бөліп, етін сатып жіберген.
Жыл басынан бері Ертіс-Баян өңірінде мал ұрлығына қатысты 52 дерек тіркелді. 252 бас мал иелеріне қайтарылды. Қазір аймақта «мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14