Құрманбек Сағындықовтың 115 жылдығы туған жерінде аталып өтті
Қазақ телевизиясын кеңес кезіндн басқарған алғашқы басшыларды бірі Құрманбек Сағындықовтың 115 жылдығын жерлестері туған жерінде атап өтті. Жуалы ауданы, Ынтымақ ауылынан шыққан журналист өз өмір жолында филология ғылымының кандидаты, аудармашы болып еселі еңбек етті.
Алғашқы еңбек жолын ауыл мұғалімі болып бастаған Құрман Сағындықов 1959-62 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жанындағы Радиохабарлар мен телевидение комитетінің Төрағасы болды. Сұрапыл соғыс жылдарында даңқты гвардиялық Панфилов дивизиясының құрамында шайқасқан. Ал Бауыржан Момышұлымен сыныптас әрі дос болғандығы Александр Бектің «Волоколам тас жолы» романын аударғандығы айғақтайды. Жерлестері мен жақындары майдангердің есімі берілген Шақпақ ата ауылындағы мектепке жиналып, еңбек жолы мен ерлігін еске алды.
Күміс Сағындықова, немере қарындасы:
Әсіресе ағадан үйренгенім менің адалдық, әділдік. Бауыржан аға қандай болса Құрманбек аға да сондай болатын. Екеуі оқушы кезінде бір-біріне адал болайық деп сет берген екен, өмірбақиға солай сол сертімен адал болып өтті. Сондықтан көз алдымда өткен Құрманбек ағаның бүкіл жақсы қасиеттерінің барлығын өзімнің бойыма ұстап қадым.Ал түс қайта аудандық мәдениет үйінде Қоғам қайраткерінің құрметіне салтанатты шара өтті. Онда Құрманбек Сағындықов туралы түсірілген деректі фильмінің тұсауы кесілді. Телемемуарлық жобаның авторы жазушы, режиссер Доқтырхан Тұрлыбек асыл ұлдың атын ардақтап, бүгінгі ұрпаққа насихаттауды негізге алған.
Доқтырхан Тұрлыбек, жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:
Қазақта Лениннің 55 томдығын, Карл Маркстың «Капиталын» аударған адам жоқ. Осы кісі қазақ тіліне тәржімәлады. Көптеген қиындықтарға қарамастан қазіргі Қазақстанда істеп тұрған 9 радиостанцияны салдырған Құрманбек Сағындықов. Қазақ радиосының материалдық-техникалық базасын өркендетуге үлкен үлес қосты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы