Жамбыл ауылында соңғы 10 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген
Жамбыл облысында соңғы 10 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген ауыл бар. Өйткені онда жергілікті жастар қариясына қарап бой түзейді. Жамбыл ауылының ақсақалдары жас буынға бағыт-бағдар беріп, спортқа да баулып келеді. Тараздағы тілшіміз Данияр Әлімқұл ақынның атындағы ауылға барып, ақылгөй ақсақалдардың өнеге-өсиетін тыңдап қайтты.
Жамбыл ауылының жастарына үлкендері үлгі, қарты қадірлі. Бұл ауылда баяғының
билері секілді қариялары қара қылды қақ жарып сөйлейді. 7 жыл бұрын ауыл
ақсақалдары арақтан бас тарту туралы бастама көтерген. Әкімдік пен полиция
қолдап, дүкендер де бірден келіскен. Содан бері құқық бұзушылық дерегі
тіркелмепті.
Мейрамкүл Сейітниязова, жеке
кәсіпкер:
Дүкендердің иелері ойлауы мүмкін - арақтан көп пайда түседі, арақты сатпай қойсақ, табысымыз азайып қалады дегендей. Мен өзім олай емес деп ойлаймын. Қазір барлық жақтан тауарлар келіп жатыр, дамып жатырмыз. Керісінше, осындай игі бастаманы бастағаныма өзім өте қуаныштымын.
Ал жасыл алаңдағы жастарының доп десе, делебесі қозады, бабы шапқан балуандары
бір төбе. Қариялар қауымы да жиі жиналып, дойбы мен шахмат ойнап тұрады. Зиялы
ақсақалдар зияткерлік ойында басқосқанда өрендерге өсиет айтып отырады.
Бекмұрат Алтынбеков, Жамбыл ауылының
тұрғыны:
Той-жиындар болған кезде жақсылап өткізіңдер, ешқандай ұрыс-керіс болмасын деген сияқты ақылдарымызды әр уақытта айтып отырамыз. Олар да сондайды тыңдап өскен. Балаларымыздың бәрі спортпен шұғылданады. Кешке таман мектептен білім алып келген соң жаздыгүні спорт кешендеріміз бар мектептің жанында. Кешке бір мезгіл ойнайды.
Ішімдіктер сатылмайтын ауылдың берекесі кіріп, беделі де артқан. Жалпы
бүгінде аймақта алкоголь сатпайтын ауыл саны 40-қа жетті.
Мадияр Қожахметов, Жамбыл аудандық
полиция бөлімі басшысының орынбасары:
Ауданымызда қылмыс болады. Оның басым бағыты алаяқтық, отбасылық жанжал және де ұрлық. Енді біз «Арақсыз ауылға» көшкен ауылдарда ешқандай қылмыс болған жоқ. Сондықтан да осындай қылмыстардың алдын алу үшін басқа да ауылдарымызды арақсыз ауылға көшірсек деген ниетіміз бар, жұмыс жоспарымыз сондай.
Спирті ішімдіктер сатылмайтын ауылдарда жыл басынан бері құқық бұзушылық деңгейі
15%-ға төмендеген. Сондықтан полиция әкімдіктермен бірлесіп, жыл соңына дейін
арақсыз ауылдар санын көбейтпек.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сарайшықтан теңдесі жоқ жәдігерлер табылды
06.03.2026, 17:37
Семейде «Таза Қазақстан» акциясы балабақшадан басталады
06.03.2026, 17:36
Дәстүрлі өнерді дәріптейтін таланттар Шиеліде қалыптаса бастады
06.03.2026, 17:32
ЖИ білім беру саласының мүмкіндігін кеңейтеді
06.03.2026, 17:30
Үздік ұстаздар марапатталды
06.03.2026, 17:27
Қорғаныс саласында 13 мыңнан аса қыз-келіншек қызмет атқарады
06.03.2026, 17:25
Елімізде 13 мыңдай әйел ғылыми зерттеумен айналысады
06.03.2026, 17:23
Тараздағы студент бір жылда миллионерге айналған
06.03.2026, 17:21