Филиппиндегі «Фунг-Вонг» тайфунынан 4 адам қаза тапты
Филиппинде сұрапыл «Фунг-Вонг» тайфунынан 4 адам қаза тапты. Миллионнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Тоқтамай жауған нөсер мен екпіні қатты желден тұрғындар түні бойы көз ілмеген. Жолдарды су басып, лай көшкіні жүрді. Кей елді мекендер сыртқы әлеммен байланысты үзген. Қазір желдің жылдамдығы сағатына 130-160 шақырымға дейін бәсеңдеді. Алайда тайфуннан төнген қауіп сейілген жоқ. Тағы да нөсер жауын жауып, жел күшеюі мүмкін. «Фунг-Вонг» - биыл аралдық мемлекетте көтерілген 21-тайфун. Өткен аптада «Калмаеги» тайфунынан Филиппинде 224 адам, Вьетнамда 5 тұрғын мерт болды.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Телеарналар ғаламтор нарығымен бәсекеге түсіп жатыр
10.09.2026, 20:18
Ғасыр жасаған қарттардың отасқанына 70 жылдан асты
10.09.2026, 20:14
Экологиялық талапқа сай емес көліктерге шектеу қойылуы мүмкін
10.09.2026, 20:13
Президент: Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек
10.09.2026, 20:10
Медицинадағы цифрландыру: 31 млрд теңге үнемделді
10.09.2026, 20:09
Депутат бейәдеп контент үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды
10.09.2026, 20:08
Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады
10.09.2026, 20:06
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
10.09.2026, 20:05