Павлодарда құрылыста 58 жастағы азамат қайтыс болды
Павлодардағы жеке меншік мектеп құрылысы жүріп жатқан алаңда төбе жабындысы құлап, 1967-жылы туған азаматты басып қалды. Мәйітті іздеу кеше кешкісін басталған еді, түнде кинологтар тартылды. Таңғы сағат 5-тер шамасында құтқарушылар ер адамның денесін алып шықты. Мәліметке қарағанда қайтыс болған құрылысшыдан бөлек тағы бірнеше адам дәрігерге жүгінген. Медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды. Аталған оқиға бойынша полиция «Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша Қылмыстық кодекске сәйкес іс қозғады. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14