Үкімет басшысы мұнай-газ саласын дамыту жұмыстарын тексерді
Қарашығанақты кеңейту жобасының газ айдау және өндірістік процестерге бағытталған бірінші кезеңі іске қосылды. Нәтижесінде ішкі нарыққа 7,5 млрд текше метр газ жеткізілді. Бұл – Қазақстандағы жалпы көлемнің шамамен 26%-ы. Премьер-министр Батыс Қазақстан облысындағы мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Үкімет басшысы Бөрлі ауданындағы Қарашығанақ және Чинарев мұнай-газ конденсаты кен орындарына барды. Өндірістерді жаңғыртуға және мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту үлесін арттыруға, кадрлар даярлауға назар аударылды. Қарашығанақта былтыр 12,2 млн тонна мұнай өндірілген. Биылғы жоспар – 12,4 млн тонна. Бәйтерек ауданында Премьер-министр «Жайықмұнай» серіктестігінің тауарлық газды қайта өңдеу қуатымен танысты. Чинарев кен орны аумағында бірқатар заманауи қондырғы жұмыс істеп тұр. Газ өңдеу зауытының өндірістік қуаты жылына 4,2 млрд текше метр. Кәсіпорынның жүктемесін арттыру мәселесі пысықталып жатыр. Олжас Бектенов мұнай-газ саласы өнеркәсіптік өсудің маңызды драйвері болып қала беретінін атап өтті. Қазақстанда жыл сайын 85 млн тоннадан аса мұнай және шамамен 55 млрд текше метр газ өндіріледі.
Компаниямыз қоршаған ортаны қорғау мақсатында 460 миллион АҚШ долларын бөлді. Әсіресе мұнай-газ саласындағы метан шығарындыларын төмендетуге арналған бағдарлама мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қосқан үлесіміз айрықша атап өтілді. Бұл жоба аясында 800 гектар аумаққа тал егілді. Сонымен қатар, Қарашығанақ кен орнының инфрақұрылымын дамытуға соңғы он жылда салында ірі инвестициялар салынды. Тұрақты өндіріс өсімі және алдағы ауқымды жобалар туралы да талқылау болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы