Елбасы кітапханасының музей ғимаратында тұрақты экспозициялар көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы кітапханасының музей ғимаратында тұрақты экспозициялар көрмесі ашылды

13.12.2018

Бұл жерден келушілер әлем халықтарының музыкалық аспаптарын тамашалай алады. Олардың саны - 35. Барлығы - шетелдік дипломаттардың Мемлекет басшысына жасаған сыйы. Көрменің келесі бөлімі «Қазақстанның спорттық даңқы» деп аталады. Сөреге, отандық және шетелдік спортшылардың Елбасына ұсынған тарту-таралғылары қойылған. Жәдігерлердің қатарынан Василий Жиров пен Марат Мәзімбаевтың белбеуін және Александр Винокуровтың велосипеді мен киімін көруге болады. 

Күләйша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

- Мереке күндерінің қарсаңында ашылып жатқан залдар Астана тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер етіп, жаңа мәлімет, жаңа ақпарат береді деп үміттенеміз. 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу