Басты Жаңалықтар Түркі елдеріне ортақ археологиялық әдіснама қажет

Түркі елдеріне ортақ археологиялық әдіснама қажет

Түркітілдес елдердің археологиясын ортақ ғылыми тұжырым негізінде зерттеу қажет. Бірлескен экспедициялар ұйымдастырып, ғылыми ақпарат алмасу жүйесін қалыптастыру маңызды. Түркияның Газиантеп қаласында жиналған түркітілдес елдердің археологтары осындай бастама көтерді. Кеңестік кезеңде түркі республикаларында археологиялық зерттеулер көбіне ұлттық тарих аясында жүргізілді. Ал Түркияда көне қазбалар антикалық және византиялық археологияға бағытталған. Салдарынан түркі дүниесінің археологиясына ортақ ғылыми әдіснама қалыптасқан жоқ. Осымен екінші рет өтіп тұрған Түркі дүниесі археологиясы ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары қауымдастығының отырысында ғалымдар осындай өзекті мәселелерді бірлесе шешу жолдарын талқылады.

Шаһин Мұстафаев, Түркі академиясының президенті:

Біздің қауымдастық түркі мемлекеттері археологтарының пікіралмасуы және ортақ мәселелерді оңтайлы шешуі мақсатында 2023 жылы құрылған еді. Бүгінге дейін көптеген ортақ жобаларды қолға алдық. Газиантеп қаласында өткен жиынымызда барлық түркі мемлекеттерінен ғалымдар қатысты. Саладағы түрлі мәселелерді бірлесе шешу мұндай жиындардың маңызы зор.
 

Бөлісу