Қарағанды облысының Кеңгір ауылында ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін тәрбие орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Кеңгір ауылында ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін тәрбие орталығы ашылды

13.12.2018

Оны ұйымдастырып отырған осындағы көнекөз қариялар. Әжелеріміз қыз-келіншектерге көрпе тігіп, құрақ құрауды, киіз басып, ұршық иіруді үйретсе, аталарымыз жас жігіттерге тері илеп, қамшы тоқудан дәріс береді. Сондай-ақ, мұнда «Сырға салу», «Бесік той», «Құда күту» секілді қазақы әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғылар көрсетіліп, жастардың санасына ырым-тыйымдарды сіңіреді. Бұған қоса, әжелеріміз ұлттық тағамдардың қалай әзірленетіні туралы шеберлік сабақтарын да өткізеді. Орталық мүшелері аптасына бір рет бас қосады. Қазір ауылдағы кез келген мерекелік шара олардың көмегінсіз өтпейді. Қариялар жуырда ансамбль құрған. Осылайша, жақын маңдағы қалаларды аралап, концерт қойып жүр. Одан түскен қаржыны қайырымдылық шараларына жұмсайды.  

Сәуле Аманжолова, орталық жетекшісі:

- Шағын ғана ауыл болса да, 2600-дей халық тұрады. Жастардың баратын жері жоқ. Сондықтан, біз сол жастардың шығармашылықпен айналысуына көмек жасап, көрпе тігуге, құрақ құруға үйретуіміз керек. Басқа ағымның керегі қанша? Жастарымыз адаспауы керек. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу