Көкбай елді мекенінде қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін этноауыл бой көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкбай елді мекенінде қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін этноауыл бой көтерді

19.09.2014
Көкбай елді мекенінде қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін этноауыл бой көтерді

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданына қарасты Көкбай ауылында қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін арнайы этноауыл бой көтерді.

Терең тарихымызбен тамырлас, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызбен үндес идеяның жүзеге асырылуы қарттардың да, жастардың да көңілінен шығып отыр.

Балалар асық ойнайтын, жастар алтыбақан теуіп, ән шырқайтын  осындай керемет орынды жасау идеясын Көкбай ауылының мұғалімдері ұсыныпты. 

Аудан көркейген сайын дипломын алып, өзінің туған ауылына оралған жастар саны жылдан жылға артып келеді.

Берік КӨШЕРБАЕВ

   

Хабарламаларға жазылу