«ҚазАтомӨнеркәсіптің» капитализациясы $14 млрд-тан асты
Қыркүйек айында «ҚазАтомӨнеркәсіптің» нарықтағы капитализациясы ең жоғары тарихи межеге жетіп, 14 миллиард доллардан асты. Компания акцияларының құны IPO-ға шыққалы бері 4,5 есеге өскен. Бұл туралы Президент қабылдауында болған акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов баянады. Оның сөзінше жасанды интеллект, дата орталықтардың көбеюі және жаңа станциялардың құрылысына байланысты 2030 жылдан кейін уран тапшылығы болуы мүмкін. Биыл екі жаңа учаскеде геологиялық барлау жұмысы басталды. Компания сирек кездесетін металдарды өндіру, ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру, жасанды интеллект технологиясын енгізу бағыттарын дамытуды жоспарлап отыр. Президент ресурс базасын одан әрі дамытуға және компанияның әлеуметтік маңызы бар бастамаларға белсенді атсалысуына қатысты бірқатар тапсырма берді.
Мейіржан Юсупов, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы:
Биыл өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда шамамен 10 пайызға ұлғаяды деп күтілуде. Сонымен қатар әлемдік атом энергетикасының дамуындағы қазіргі үрдістер туралы және уранға деген сұраныстың тұрақты өсіп отырғаны туралы баяндадым. Осыған орай шикізат базасын жүйелі арттыруға байланысты жүйелі жұмыстар жалғасуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
