Ақтөбеде баспасөз үйі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде баспасөз үйі ашылды

07.12.2018

Енді облыстағы белді басылым, журналдар мен ақпараттық сайт редакциялары бір ғимаратта отырып жұмыс істейді.

Жағымды  жаңалық облыстық газеттің 100 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Ғимараттың бір бөлігіне мұражай орналасқан. Бұл жерден ғасырлық тарихы бар газет туралы мәлімет алуға болады. Заман ағымына сай басылымның мазмұны мен атауы  бірнеше мәрте өзгерген. Алғашқы саны мен әр кезеңде қолданылған диктафондар, баспа машинкасы, фотоаппараттар медиа-музейдің құнды жәдігерлеріне айналған. 

Баспасөз үйінде журналистиканың қыр-сырын меңгерем деген ақтөбеліктер үшін медиа студия жұмыс істейді. Мектеп - «Туған жерге тағзым»  бағдарламасы аясында әріптесіміз Гүлназ Әлімгерейдің өңір жастарына деген тартуы.

Жақсыбек КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу