Қызылордада «Достық үйі» ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Достық үйі» ашылды

14.12.2015
Қызылордада «Достық үйі» ашылды

Естеріңізге сала кетейік, нысан бұрынғы Ы.Алтынсарин атындағы кинотеатрының ескі ғимаратында орналасты.

Татулықтың темірқазығына айналған Елбасының бастамасымен құрылған Ассамблеяға биыл 20 жыл.

Айтулы дата аясында Сыр өңірінде 2500-ден астам  шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі – осы «Достық үйінің» ашылуы.

Ғимаратта 230 орынға арналған концерт зал, мәжіліс залы, асханасы бар. Сондай-ақ, өңірдегі 11 этномәдени орталықтары және Ассамблеяның ардагерлер мен аналар кеңесі осында қоныстанды.

Бұл орталықтар өз елдерінің мәдениеті мен дәстүрін жаңғыртып, елдің саяси өміріне де белсенді араласатын болады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Ниет пен тілектің үндесуінің арқасында тәуелсіздігіміз тұғырлы. Егемендік алғалы ешкімнен кем, дұшпанға жем болған жоқпыз. Сыр елі сан ұлтқа сая болып келеді. «Достық үйі» татулық пен бірліктің, достық пен жасампаздықтың ордасына айналсын», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Хабарламаларға жазылу