Атырауда Достық үйі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Достық үйі ашылды

04.10.2014
Атырауда Достық үйі ашылды

Бұл өңірдегі 17 этномәдени бірлестіктің жан-жақта жүрмей, бір шаңырақтың астында болуына мүмкіндік туғызды.

Енді олар күрделі жөндеуден өткен екі қабатты Достық үйінің ғимаратында жұмысын жандандырады.

Бұл нысанның құрылысына бюджеттен 170 миллион теңге жұмсалды. Жергілікті әкімшілік тарапынан жасалған сый, Атырау өңірінде өмір сүріп жатқан 80-нен аса ұлт өкілдерінің бір-біріне деген сыйластығын, татулығын еселей түседі.

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу