Алматыда «Ұстаздар үйі» ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Ұстаздар үйі» ашылды

29.11.2017

Бұл «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жеке ғимараты болмақ. Өйткені, 50 жылдан астам тарихы бар мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының осы уақытқа дейін тұрақты орны болмаған. Бірде балабақша қабырғасында кейде музыкалық мектептерде жұмыс істеп, білім беру қызметкерлерінің міндетін ойдағыдай атқаруына қиындықтар туғызған. Жаңа орталықта заманауи құралдармен жабдықталған аудиториялар, робототехника, «Монтессери» кабинеттері, бейне және дыбыс жазу студиялары бар. «Бұл мұғалімдердің білімін заманға сай дамытуға зор мүмкіндік береді», - дейді ұстаздар.

Гүлназ Ахметова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»  АҚ төрайымы:

- Бұл жалпы орталықта мұғалімдер білім алады. Қазір жаңартылған білім бағдарламасы мектепке енгізілуде. Бұл мұғалімнің өзгеруіне байланысты. Мұғалімнің білім жақсы болса, мұғалім өзінің мақсат-міндеттерін жақсы білсе, сондай мектепке жақсы білім болады.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу