Басты Жаңалықтар Taldau forum: Қазақстанның даму жолы талқыланды

Taldau forum: Қазақстанның даму жолы талқыланды

Алғаш рет ауқымды деңгейде ұйымдастырылған Талдау форумда Қазақстанның даму жолы талқыланды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен әлемге әйгілі экономист, Нобель сыйлығының лауреаты Дарон Аджемоглу қоғамды ілгерілету бағытындағы ой-пікірін ортаға салды. Массачусетс технологиялық институтының прфессоры, «Өркениетті елдер қалай дамиды» деген  тақырыпта баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Экономист инклюзивті институттар қалыптастырып, технология мен білім беруге көп көңіл бөлу қажет екенін атап өтті. Ал сенатор сапалы аналитика – елдің орнықты дамуына арналған тиімді шешімдер қабылдаудың негіз екеніне тоқталды. Сондықтан бес жыл бұрын Сенат сарапшылар қауымдастығымен жүйелі байланыс орнатты. Басты мақсат – кәсіби мамандардың жаңа буынын қалыптастыру және оларды заң шығару жұмыстарына тарту.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Қазіргі таңда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде маңызды және кешенді реформалар табысты іске асырылып келеді. Біз теңгерімді және демократиялық саяси жүйе қалыптастырып жатырмыз. Нарықтық экономиканы дамытуға, саяси және қоғамдық институттарды нығайтуға да баса мән беріліп отыр. Бүгінгі пікірталас Қазақстанның зияткерлік және сараптамалық әлеуетін арттыруға, еліміздегі реформалардың күн тәртібін тиімді іске асыруға өз үлесін қосады деп сенемін.


Бөлісу