Есенғали Раушановты еске алуға арналған кеш өтті
«Ұшты менің құстарым бұлттан әрі...». Осындай атаумен Астанада көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есенғали Раушановты еске алуға арналған поэтикалық кеш өтті. Қаламгердің шығармашылығы насихатталып, ақынның қаламынан туған өлеңдері оқылды. Сонымен бірге, әнші-жыршылар Есенғали Раушанов сөзіне жазылған әндерін орындады. «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері 2021 жылы 64 жасына қараған шағында өмірден озды. «Қара бауыр қасқалдақ», «Келінтөбе», «Шолпан жұлдыз туғанша», «Ғайша бибі» секілді бірнеше кітаптың авторы. Әдебиет әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар ақын, ұлт бірлігін асқақтатқан рухты жырларымен есте қалды,-дейді жиналғандар.
Набатай Жылқайдарқызы, Е. Раушановтың жұбайы:
Өмірі өлең болды ғой енді. Алматыға алғаш көшкенімізде менің шешем айтатын: «Есенғалидың байлығы – кітабы»,-деп. Көшіп келгенде 7-8 қап кітаппен келенбіз. Қазір енді кітапханасында шетел, қазақ, орыс классиктерінің кітаптары жинаулы тұр. Болашақта музей ашсам деген алдыма қойған мақсатым, міндетім бар.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00