Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Алжир» музейі жаңа жәдігерлермен толықты. Екі апта бұрын мемориалды кешен кезекті жөндеуге жабылып, енді есігін қайта ашты. Музей ұжымы зұлматты лагерь тұтқындарының бұрын жарияланбаған құжаттары мен фотосуреттерін тауып, көпшілік назарына ұсынып отыр.
Сондай-ақ, мұражай қоры лагерь құрбандарының жеке заттарымен де толыққан. Барлығы 40-қа жуық тарихи жәдігер.
Нарима Мұхамбеталина, Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары:
- Әуелде көрсетілмеген экспозицияда қойылмаған материалдарды көруге болады. Бұл материалдар - біздің Қазақстанның облыс мұрағаттарынан және көршілес елдердің мұрағаттарынан жиналып әкелінген заттар.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.