Алматыда әнші Батырхан Шүкенов атындағы музыкалық байқау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда әнші Батырхан Шүкенов атындағы музыкалық байқау басталды

28.11.2018

Алматыда әнші, сазгер Батырхан Шүкенов атындағы музыкалық байқау басталды. Оған еліміздің барлық өңірлерінен келген классикалық және үрмелі аспапта ойнайтын дарынды өнерпаздар қатысып жатыр. Үміткерлер флейта, гобой, кларнет, фагот және саксофон сияқты аспаптармен әлемдік классикалық туындыларды орындайды. Төрт бөлімнен тұратын байқаудың жеңімпаздары әртүрлі аталым бойынша 5 млн. теңге қаржылай сыйақы алады. Сондықтан, сайдың тасындай іріктелген кіл үздіктердің ішінен хас шеберлерді анықтауға әлемнің әрқиырынан мамандар шақырылған. 

Бауыржан Шүкенов, Батырхан Шүкенов атындағы қайырымдылық қор төрағасы:

- Музыканттарды 16 жастан 32 жасқа дейін таңдап алғанбыз. Қазылар алқасы мүшелерінің бірі Германиядан, біреуі Франциядан, біреуі Ресейден және үшеуі өз елімізден.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу