Ресейде коммуналдық төлемдер 70 пайызға дейін көтерілді
Ресейде коммуналдық төлемдер 70 пайызға дейін көтерілді. Әсіресе Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында баға күрт өскен. Мамандар келесі жылдың басында тіпті тұрғын үйлердің коммуналдық төлемдері тағы өсетінін айтады.
Бір жылда базалық мөлшерлемені бес рет көтерген Орталық банк инфляцияның салдарынан тағы да базалық мөлшерлемені өсіруі мүмкін. Алайда өткен жылы банк секторы 3,8 трлн рубль табыс тапқан. Елде ипотeкалық несие алу қиындап, экономикалық көрсеткіштер төмендеді. Ірі мегаполистерде коммуналдық төлемдер шағын қалалардағы бір пәтерді жалға алу құнымен теңесті.
Дмитрий Гусев, саясаттанушы:
Коммуналдық төлемдер неге бұлай қымбаттап жатыр? Оған бірнеше себеп бар. Ең басты себеп әрине жоғары пайыздық мөлшерлеме. Экономиканың әр саласында әртүрлі пайыздық мөлшерлеме болуы тиіс. Энергетика саласында пайыздық мөлшерлеме нөл пайыз болу керек. Сол кезде ғана бұл саланы реттей аламыз.
Бір жылда энергетика саласындағы ірі кәсіпорындардың 30 пайызға жуығы өзін банкрот деп жариялаған. Ал Ресейге қарсы санкицялардың 18 пакетінде мұнайға шекті баға қойылып, қазынаға түсетін қаражат азайды. Жұмыссыздардың да саны өскен. «Экономистер рубль бағасын ұстап тұру үшін базалық мөлшерлеме тағы көтеріледі», - дейді.
Сарапшылардың болжамы бойынша, желтоқсан айында инфляция он пайыздан асады. Сондықтан Орталық банк кезекті рет базалық мөлшерлемені көтеріп, азық-түлік, техника, коммуналдық төлемдердің бағасы өседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
