Ресейде кейбір ірі оқу орындары бірігеді
Ресейде кейбір оқу орындары біріктіріледі. Келер айдан бастап іргелі оқу орындары Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институты мен Дипломатиялық академия қосылады. Ресей жоғары білім берудің ескі жүйесіне оралуда. 2026 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап жоғары білімнің Болон жүйесінен түбегейлі шығады. Енді жоғарғы оқу орындарында бұрынғыдай қос деңгейлі жүйе, яғни 4 жылдық бакалавриат және 2 жылдық магистратура болмайды. Оның орнына кеңестік замандағы 5-6 жылғы оқуға оралу қарастырылған. Сондықтан елде шетелдік студент саны бірден 30 пайызға қысқарған.
Михаил Данилов, ЖОО ректоры:
Ресей бұрынғы ескі білім беру жүйесіне көшуде. Бұл модель бұрынғы он жылдықта үздік деп танылған. Сондықтан дәстүрлі білім беру жүйесіне көшеміз, білім сапасы жақсарады деп ойлаймын. Дегенмен бұрынғы білім жүйесіне көшу үшін уақыт пен жаңа бағдарламалар керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12