Туристік бағытта деректі фильм түсірілді
Президент Жолдауында отандық туризмді дамытуға басымдық беру туралы айтты. Ол үшін шетелдіктерге еліміздің тарихи жерлерін таныту маңызды. Осы ретте Түркиялық «ТГРТ ХАБЕР» каналының түсіру тобы Түркістан өңіріне келіп Қожа Ахмет Ясауи жайында және еліміздің туристік әлеуеті туралы деректі фильмдер топтамасын дайындады. Бірнеше сериядан тұратын фильмде түрік көрерменге Ясауи, Арыстан баб кесенелерінің ерекшеліктері мен Қазақстанның әсем табиғаты туралы мағұлмат берілген.
Саит Екен, «ТГРТ ХАБЕР» каналының бас директоры:
Қазақстан туралы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі туралы көп естідік. Ол жер атажұртымыз, тарихы өте бай екенін бұрыннан білеміз. Соның бәрін көзімізбен көріп, түркиялық көрерменге жеткізейік деген ойымыз болды. Қазақстан біз ойлағаннан да ерекше екен. Туристерге жасалған жағдайға да тәнті болдық.
Таха Ибрахим Ханжы, «ТГРТ ХАБЕР» каналының бас операторы:
Негізгі мақсатымыз Түркістан мен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі туралы тарихта қалатын ерекше дүние түсіру еді. Ол мақсатымызға жеттік. Арыстан баб кесенесі, Укаша ата құдығы сияқты тарихи жерлерде де түсірілім жасадық. Түркиялық көрермендер үшін ерекше фильм болады деп сенемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04