Ұлттық арнаның ардагерлері студенттермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнаның ардагерлері студенттермен кездесті

21.11.2018

Журналистің көтерген жүгі зіл батпан. Өйткені, ол - билік пен бұқара арасын жалғап тұрған алтын көпір. Бұл туралы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездескен қазақ телевизиясының ардагерлері айтты. Сондай-ақ, сала саңлақтары өздерінің бай тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ мамандардың сұрақтарына жауап берді. Ал, бүгін Ұлттық арнаның журналистері Еркін Таңатқан, Қымбат Досжан, Нартай Аралбайұлы студенттер үшін шеберлік сабақтарын өткізеді. Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай өтіп жатқан іс-шара әрі қарай Алматыдағы Қазақ Ұлттық университеті мен Түркістандағы Қазақ-түрік халықаралық оқу орнында жалғасады.

Ерлан Қожагелдиев, қазақ телевизиясының ардагері:

Қырық жыл бойғы осы саладағы жұмысымызды саралап, ішіндегі мына болашақ журналистерімізге тәлім-тәрбие болатындай, соларға кішкене әсер ететіндей, оларды осы кәсіпке бейімдейтіндей тұстарын айттық. Естелік әңгімелер айттық. Бұл кездесудің тәлім-тағлымы мол болатын сияқты.

 

Сондай-ақ, Ұлттық арна алаңында қазақ телевизиясының даму мәселелері талқыланды. Қатысушылар маман даярлауда кемшін тұстардың көп екеніне тоқталып, уақыт оздырмай телевизия академиясын ашу керектігін айтты. Сондай-ақ, салалық журналистиканы қалыптастырмай, алға жылжу болмайтынын жеткізді.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу