Нұрлан Оразалин студенттермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Оразалин студенттермен кездесті

26.02.2014
Нұрлан Оразалин студенттермен кездесті
 
Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Оразалин Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінің бір топ студентімен кездесті. Жиынға жоғарғы оқу орнының білімгерлерімен бірге, профессор-оқытушылар құрамы да қатысты.
 
Басқосу барысында ұлтаралық қатынастардағы жоғарғы мәдениет» пен Қазақстандық толеранттылықты қалыптастырудағы әдебиеттің рөлі мәселелері сөз болды. Ал, жиын соңында студенттер өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарды депутатқа қойып, толғандырып жүрген мәселелерімен бөлісті.
 
Нұрлан Оразалин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Біз үшін  3000 жылдан аса ұлы тарихы бар қазақ әдебиетіне ең қажеті - оқырман. Оқырманның жүрегіне жол табуымыз керек. Әдебиеттің, көркемсөздің болашағын ұлттық мәдениетіміздің, ана тіліміздің болашағы деп бағалауымыз керек.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу