Ээро Хейнялуомның Қазақстанға сапары жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ээро Хейнялуомның Қазақстанға сапары жалғасуда

05.03.2014
Ээро Хейнялуомның Қазақстанға сапары жалғасуда

Бүгін Финляндия парламентінің төрағасы Ээро Хейнялуом Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ұжымымен кездесті. Кездесуде жоғары білім және студенттермен алмасу бойынша өзара ынтымақтастық туралы айтылды.

 
Бұл академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында іске асады. «Білім беруде жаңа технологияны пайдалану мен оны енгізуде Финляндия - көп елден көш ілгері. Сондықтан, бізге осы мемлекетпен тәжірибе алмасу тиімді», дейді оқу орнының ұстаздары.
 
Дихан Қамзабек, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің проректоры:
Бұл кездесуде негізінен фин елімен университеттер арасындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Қазіргі кезеңде жаңа университетаралық байланыстар орнатуымыз керек.
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу